Ақмола облысының тұрғындары заманауи емханаларда емделетін болады

9 Қыркүйек 2020, 20:23
1236
Бөлісу:
Ақмола облысының тұрғындары заманауи емханаларда емделетін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Ақмола облысындағы медициналық мекемелерді аралады.

Ол Көкшетау қаласындағы жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының, заманауи екі емхананың құрылысымен танысты, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Біріншісі Щучинск қаласында орналасқан және 2020 жылдың 4 тоқсанында тапсырылады. Жаңа ғимаратты МЖӘ аясында "Авиценна-Бурабай" ЖШС салды. 
Бурабай ауданында көптеген жылдар бойы типтік емхана ғимараты болмағандықтан,  медициналық қызмет көрсетуде түрлі проблема кездесті. Жаңа емхана барлық сапа стандарттарына сай болады, - деді Марат Шоранов.
Емхана бір ауысымда 1000 науқасқа, ал стационар 170 төсек-орынға есептелген. Мұнда  мамандандырылған медициналық қызмет, МСАК, шұғыл және дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі. Емхана КТ, МРТ, рентген аппаратымен,  УДЗ аппараттарымен, маммографпен және т.б. жабдықталған. 

Көкшетау қаласындағы екінші емхана онкологиялық науқастарды қабылдайды. Қазір пациенттерді облыстық көпбейінді аурухананың Онкологиялық орталығы базасында қабылдап жатыр, бұл азаматтарға қолайсыз.  2020 жылғы 30 қазанда құрылысы аяқталатын жаңа емхана медициналық мекеменің жүктемесін азайтады.
Өзгелердің жаңалығы