Ақмола облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты

7 Қазан 2020, 05:29
1036
Бөлісу:
Ақмола облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан қыз бала қаза тапты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

5 қазан күні сағат 07.05-те Екатеринбург-Алматы бағытындағы күре жолдың 1020 шақырымында Hyundai Accent маркалы көлігінің жүргізушісі 27 жастағы Қостанай облысының тұрғыны Қостанайдан Нұр-Сұлтанға қарай келе жатып, рөлін басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен, сөйтіп Астрахань ауданының 51 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ-5320 маркалы көлігіне соққан, - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, ЖКО салдарынан Hyundai Accent маркалы көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы