Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға түтін датчиктері орнатылуда

25 Қыркүйек 2019, 21:47
1622
Бөлісу:
Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға түтін датчиктері орнатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының көп балалы отбасыларының үйлерінде құтқарушылар түтін датчиктерін орнатуда, бұл туралы Ақмола облысының Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

«Облыста осындай 499 датчиктер орнатылды, тағы 303 датчиктер орнату жоспарлануда. Сонымен қатар табысы төмен және халықтың әлеуметтік осал топтарына көп балалы отбасыларға басты назар аударылады»,- деп брифинг спикері Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Денис Шелкоплясов айтты.

Сонымен қатар, облыста ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Айлық барысында іс-шаралар тұрғылықты жері бойынша халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне, электр жылытқыштар мен өрт шыққан жағдайда іс-қимылға үйретуге бағытталған. Халықты оқыту үй-үйлерді аралау, тұрғындармен жиын өткізу барысында жүргізіледі.

Спикер 2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңінде жүргізіліп жатқан үгіт-профилактикалық жұмыстарға қарамастан облыста 328 өрт тіркелді, материалдық шығын 36 млн.360 мың теңгені құрады. Сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Өрт кезінде 17 адам қаза болды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары жылу беру кезеңінде ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 21 адамды және 20 млн.теңгеден астам материалдық құндылықтарды құтқарды.

«Өрттің негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу болып табылады»,- деп қорытындылады Денис Сергеевич.


Өзгелердің жаңалығы