Ақмола облысына 400-ге жуық медицина маманы қажет

3 Қыркүйек 2019, 08:30
1405
Бөлісу:
Ақмола облысына 400-ге жуық медицина маманы қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында дәрігерлер тапшы. Қазір аймаққа 400-ге жуық медицина маманы қажет, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл проблеманы шешудің кешенді жолдарын қарастырып жатырмыз, дейді жауаптылар. Мәселен, өткен жылы медицина мамандығын меңгергісі келетіндерге облыстық әкімдіктен 50 грант бөлінген.

Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған жас мамандарды аймаққа шақыру жұмыстары да жыл сайын жүргізіліп келеді. Айталық, биыл сондай 136 түлек келу жоспарланған. Алды келіп те жатыр. Олардың басым бөлігі ауылды жерлерге жіберіледі. Себебі кадр тапшылығы да сол аудан-ауылдарда көптеп кездеседі. Ал елді мекенге жұмыс істеуге барғандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

"Келгенде, маған мұнда уақытша үй берді. Сосын Үкіметтен процентсіз несие алып, үй алдым. Сосын онымен қоса көтерме қаражат алдым. Ауылды жерде алғашқы жұмыс істеуге өте қолайлы. Тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндіктер бар", - деді Жақсы аудандық ауруханасының дәрігері Ерік Әбдіқайымов.




Өзгелердің жаңалығы