Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылады

12 Маусым 2020, 09:34
1315
Бөлісу:
Ақмешіт көшесі 13 маусымға дейін жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік жүргізушілеріне кептеліске ұшырамас үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 12-13 маусым аралығында бұл учаскедегі көлік қозғалысы толығымен жабылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы