АӘК тағайындау және төлеу ережелеріне өзгеріс енгізілді

10 Қыркүйек 2019, 18:45
2839
Бөлісу:
АӘК тағайындау және төлеу ережелеріне өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережелеріне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

Енді АӘК-ке үміткер адам кем дегенде 6 айға тұрақты немесе уақытша тіркеуді ұсынуы қажет. 

«Кейбір азаматтар АӘК тағайындау үшін әдейі уақытша тіркеуге тұру фактілері тіркелген. Енді АӘК-ке үміткер кем дегенде 6 айға тұрақты немесе уақытша тіркеуді ұсынуы қажет», - деп түсіндірді орталықта. 

Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар негізінде тағайындалады. Алайда, мемлекеттік органдардың көптеген деректері тек 2008 жылдан бастап цифрланды. Бұл алимент бойынша балаға берешек, бала асырап алу туралы ақпарат, бала туу және тағы басқаларға қатысты. 

«Егер ақпараттық жүйеде деректер болмаса, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері сұрау жібереді, оған жауап 30 күн ішінде беріледі. Енді АӘК үміткерлері атаулы көмек алу үшін растайтын құжаттарды өздері ұсына алады», - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Анархан Дүйсенова. 

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларына ерекше назар аударды. Үкіметке атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін түзету тапсырылды. Ол –  ашық, әділетті және жұмысқа ынталандыратын механизм болуы тиіс. Қазір осы мәселелермен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуда», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Анархан Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы