«Қорғаста» Қытайда жасалған дәрілік заттар тәркіленді

11 Қаңтар 2019, 12:47
1695
Бөлісу:
«Қорғаста» Қытайда жасалған дәрілік заттар тәркіленді

Астана, baq.kz. «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығында ұялы телефондардың бөлшектері мен дәрілік заттар тәркіленді.

2019 жылдың 10 қаңтарында кешкі уақытта «Қорғас» ХШЫО шекара бақылауы бөлімшесінде шекарашылар Қазақстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады. Ол жалпы салмағы 88 кг болатын «Iphone» ұялы телефонының бөлшектерін (дисплей – 1085 дана, корпус – 230 дана) заңсыз жолмен алып өтпек болған.

Сонымен қатар, бөлімшені тексеру кезінде «Қорғас»-тан Қазақстанға кіру залында иесіз жатқан «LAND ROVER» ұялы телефондары (100 дана), Қытайда өндірілген және жалпы салмағы 88 кг 200 г болатын дәрілік заттар табылды.

Ұсталған заттар акті бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы