Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 96 жастағы ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері Солтанбай Жарықбасов өзінің тіркелген учаскесіне барып, таңдауын жасады.
Бұл ауданда 200 мыңға жуық сайлаушы белсенді түрде дауыс беруде. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 112 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бұл санатқа медициналық орталық, аурухана, әскери бөлім және тағы басқа нысандар кіреді.
Парламент Мәжілісі пен мәслихат депутаттарының сайлауына аудан бойынша 200 мыңға жуық адам электорат қатарында тіркелді. Оның ішінде 230 адам үйден дауыс беруге өтініш білдіріпті.