95 мыңнан астам астаналық оқушы мектепте тегін тамақтанады

22 Қаңтар 2024, 13:11
345
Бөлісу:
95 мыңнан астам астаналық оқушы мектепте тегін тамақтанады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда елорда мектептері электронды оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Астана қаласында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық білім беру ұйымдары цифрлы бейнебақылау камераларымен, турникеттермен, дабыл түймелерімен және жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен 100% қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар осы оқу жылында балаларды сапалы тамақтандыру үшін 4 апталық мәзір қайта қаралып, әзірленді. 98 мектепте 95 576 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Былтыр Білім басқармасы жанынан Астана қаласының Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы құрылды. Ол тамақтану сапасын мониторингілеу жөнінде комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізіп, оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, - деп түсіндірді Сенғазыев.

Оның айтуынша, сараптама тобы 16 білім беру ұйымында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөнінде семинар-кеңестер өткізген.

Өзгелердің жаңалығы