90 жылдыққа 90 шақырымдық марафон

21 Қыркүйек 2020, 18:20
1307
Бөлісу:
90 жылдыққа 90 шақырымдық марафон

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан-Сібір магистралы құрылысының 90 жылдығына арналған жүгіріс Қостанай ЖТ бөлімшесі ғимаратынан Рудный қаласына дейін және кері бағытта орын алды.

Оған Қостанай жүк тасымалы мен магистралдық желі қызметкерлері, сондай-ақ спорт сүйер – қала тұрғындары қатысты. Жүгірушілер қашықтықты баяу желе жүгіру арқылы еңсерді. Бір мезетте велосипед тебуді ұнататындар үшін веложарыс та орын алды.

Шара марафоншы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Руслан Молдағалиев пен Қостанай ЖТ бөлімшесінің директоры Вячеслав Мироновтың бастамасымен болып өтті.

Бүгінгі жүгіріс алғашқы кеңестік басжылдықтың ең ауқымды Түрксіб темір жолы құрылысы тарихына арналған. Түрксіб – бұл Еуропа мен Азияны ғасырларға байланыстырған артерия. Адамдар аңызға айналған магистралды жалаңаш қолмен және өте қысқа мерзімде салды. Бұл теміржолшылардың орасан ерлігі. Бүгін біз өзаратүсіністік пен достық тек жұмыста ғана емес, спортта маңызды екендігін көрсету үшін өңіріміздің ірі кәсіпорындары ұжымдарын біріктіргіміз келді, - деді ол.

Руслан Молдағалиев осындай спорттық шараларға қатысуда үлкен тәжірибесі бар. 2016 жылдан бастап ол екі алтысағаттық марафонды және өзге де жарыстарда жүгірді. Ал спорттық карьерасын дене бітімін сақтау үшін кардиожаттығудан бастаған болатын. 90 шақырымдық арақашықтықты акция бастамашысы 14 жасар баласымен жүгіріп өтті. Вячеслав Миронов қашықтықты велосипедпен еңсерді. Жалпы алғанда ол салауатты өмір салтын насихаттап, осы күні 100 км жүрді. Онымен бірге веложолға «СарыаркаАвтоПром» ЖШС техникалық дамыту жөніндегі директор орынбасары Сергей Могилатов та шықты. Қостанай белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Нұрлан Ықсанов, оның өмірінде  бірінші рет болып отырған жүк тасымалы бөлімшесінің логисті Жадыра Нұрсеитова белсенді марафон қатысушылары атанды.

Шара денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй ауанында болып өтті. Рудный қаласында марафоншыларды Соколовск-Сарбай тау-кең байыту  комбинаты мен Железорудная станциясының спорт сүйер қауымы жылы қабылдады.

Мәре сызығын қиып өткен барлық спортшылар мен төзімділік танытқандарға Қостанай ЖТ бөлімшесі басшылығы атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Марафон қорытындысы бойынша келесі шараларға қатысу үшін әуесқой спортшылар тобы құрылды.

Өзгелердің жаңалығы