9 маусым күнгі ауа райы болжамы

9 Маусым 2022, 08:09
1370
Бөлісу:
9 маусым күнгі ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Соған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі. Еліміздің тек шығысында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. 

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. 

Қостанай облысының солтүстік-батысында, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с артады. Түнде облыстың шығысында найзағай болады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с күшпен жел соғады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. 

Түнде және таңертең Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с артады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, орталығында, батысында, солтүстік-шығысында желдің күші 16 м/с құрайды. 

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 

Сондай-ақ күндіз Алматы мен Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. 

Бұдан бөлек, Қызылорда ​​облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы