9 мамырға орай соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңге беріледі

26 Сәуір 2023, 15:46
2476
Бөлісу:
9 мамырға орай соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңге беріледі
Фото: BAQ.KZ

Екінші дүниежүзілік соғыстың әр ардагері Жеңіс күніне орай кемінде 1,5 млн теңге алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, мұндай шешімді өңірлердің әкімдіктері қабылдады.

9 мамырға орай ардагерлерге барлық облыста тиісті материалдық көмек беріледі. Негізі берілетін ақша барлық өңірде бірдей, дегенмен кей жерде көбірек боулы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша 1,5 миллион теңгеден кем берілмейді, - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 237 ардагер қалды. 2022 жылы олардың саны 387 адам еді. Былтыр оларға 1 миллион теңге берілгенін де еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы