9 көлікті айдап кеткен күдіктіге тергеу басталды

13 Ақпан 2020, 02:21
1436
Бөлісу:
9 көлікті айдап кеткен күдіктіге тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері автокөліктерді айдап алып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта Зашаған полиция бөліміне адамдар көлік құралдарын айдап әкету туралы жиі өтініш бере бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Зашаған полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласы маңы мен Зашаған кенті маңында 9 көлікті айдап кеткен 1994 жылы туылған Круглоозерное ауылының тұрғынын ұстады.

Зашаған полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Тимур Айтуғановтың айтуынша, қаскүнем түнгі уақытта, сағат 23:00-ден кейін көлікті айдап кеткен. Ол авто дүкеннің терезесін сындырып көлікті жанармайы біткенше айдайтын болған, жанармай біткенде көлік ауыстырған.Түнде ол 2 көлікті айдап әкетіп, бірақ автокөліктен ештеңе ұрламаған.

Ұрланған көліктерді полиция қызметкерлері тауып, иелеріне қайтарды. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автобұзақы өзі үшін автокөлікті айдап әкету – "ойын сияқты" деп түсіндіреді және ол процестен ләззат алыпты.

Өзгелердің жаңалығы