9 балабақша қолданысқа беріледі

14 Ақпан 2023, 18:23
1192
Бөлісу:
9 балабақша қолданысқа беріледі
Фото: BAQ.KZ

Атырау облысында биыл 9 балабақша қолданысқа беріледі. Осының арқасында жергілікті билік білім мекемелерінің тапшылығын шешу көзделіп отыр, деп хабарлайды Атыраудағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүлдіршіндер игілігіне берілетін балабақшалардың арқасында, мекемеге облыстағы 3 мыңға тарта бала орналастырылады. Қазір бөбекжайлардың іргетасы қаланып біткен. Мердігерлер ішкі жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл аяғына дейін есігін айқара ашатын балабақшалардың әрқайсысы 290 орындық. 

Өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы Атырау қаласы бойынша 9 балабақша құрылысы аяқталып, мемлекеттік акт алынды. Барлығын қосқанда 2600 орынға жоспарлап отырмыз. Алдағы жарты жылда ішкі жұмыстарын аяқтап, кадрды жасақтап, кейін балаларды қабылдауды бастаймыз. Ол балабақшалар Еркінқала, Ақжар 2 және қала аумағында орналасқан. Шамамен сәуір айында жұмысын бастайды деген болжам бар. Ол бөбекжайлардан бөлек, өзге бірнеше балабақша құрылысы да жүріп жатыр. Одан бөлек Геолог ықшамауданында да бұл проблема өзекті. Ол мәселені де қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, Жаңаталап ауылында 300 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Аяқталуға шақ қалды. Бұл мектеп үш бағытта тәлім беретін болады.Ол физика, математика және алғашқы әскери дайындық пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша арнайы мектеп болады бұл,-дейді Облыстық білім беру басқармасының басшысы Г.Сәдуақасова.   

Жыл аяғына дейін жұмысын нақты бастайтын балабақшалардың арқасында облыстағы жұмыссыздар санын да азайтуға мүмкіндік бар. Мұнда 200 ден астам кадр тарту жоспарланып отыр. Соның ішінде жастарға үлкен мүмкіндік берілмек. 

 Еңбек биржасы платформасы арқылы қазіргі таңда құрылысы аяқталған  мектеп және балабақшаларға  бос жұмыс орындарына өтініштер келіп түсуде. Өтінімдер жұмыспен қамту орталығында тұрған жұмыссыздар тізіміне сондай әр азамат еңбек кз порталы арқылы өзіне лайықты жұмыс орындарын қарап, тұрақты жұмысқа тұра алады. Бүгінде балабақша бойынша 200-ден аса жұмыссыз жасты жұмыспен қамту жоспарда бар,- дейді Облыстық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы М.Хозе-Диасова. 

Өңірде бас-аяғы 319 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның басым бөлігі, яғни 250-ден астамы мемлекеттік болса, қалғаны жеке меншікте. Барлығы 43 мың бала тәлім алады. Жауаптылар бүлдіршіндерді балабақшамен қамту бағытына ерекше ден қойып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы