9-20-25 бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды

7 Ақпан 2024, 12:47
7010
Бөлісу:
9-20-25 бағдарламасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер 9-20-25 ипотекалық бағдарламасы нақты қашан қосылатынын сұрады.

Ипотекалық бағдарлама республикалық бюджет пен «Отбасы» банкінің бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Бұл мәселе пысықталды және уақытында іске қосылады, - деді Скляр.

Үкімет мүшесі Роман Скляр бағдарламаның 1 наурызда басталатынын растады.

Өзгелердің жаңалығы