9-20-25 бағдарламасы қанша жылға дейін жұмыс істейді? – министр жауап берді

5 Наурыз 2024, 13:20
319
Бөлісу:
9-20-25 бағдарламасы қанша жылға дейін жұмыс істейді? – министр жауап берді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде іске қосылған "9-20-25" бағдарламасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, биыл 1 наурыздан бастап "9-20-25" бағдарламасы іске қосылды.

Бірінші күннен бастап шамамен мың өтінім түсті. Бұл бойынша Отбасы банк жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінім мақұлданып, бағдарлама нақты іске қосылады. Бағдарламаға келетін болсақ, тұрғын үй бағдарламасы бір жылдық емес, ұзақ жылдарға созылады. “Бәйтерек” холдингі өз қаражаты есебінен және тартылған қаражат есебінен бұл бағдарламаны одан әрі қолдауды жоспарлап отыр. Мен бұл салаға әлі де инвестиция салуға болатынына келісемін, – дейді Байбазаров.

Өзгелердің жаңалығы