80 жыл бұрын жоғалып кеткен сүңгуір қайық табылды

6 Тамыз 2019, 13:46
2479
Бөлісу:
80 жыл бұрын жоғалып кеткен сүңгуір қайық табылды

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық зерттеушілер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде алғашқы әскери тапсырманы орындау үшін Тынық мұхитына шығып жоғалып кеткен USS Grunion қайығының алдыңғы бөлшегін тапты. Бұл туралы Live Science басылымы хабарлады.

Сүңгуір қайық Алеут аралдары жағалауында 820 метрлі тереңдікке батып кеткен, 70 кеме жауынгері қаза тапқан. Зерттеушілер сүңгүір қайықтың бөлшектерін Lost 52 Project жоба аясында автономды құрылғылардың көмегі арқасында тапқан.

USS Grunion қайығы әскери шебке 1942 жылдың 11 сәуірінде шыққан. 1942 жылдың шілде айында қайық Алеут аралдарына жіберіледі. Ол жапондардың екі патрульді кемесін жойып, 30 шілде күні Датч-Харборға (Аляска) шақыртылған. Қайық жолда жоғалып кеткен, алайда тек 1942 жылдың 5 қазанында ғана жоғалды деп расталған.
Өзгелердің жаңалығы