80 жастағы қария әлі күнге дейін аңға шығып тұрады

6 Қараша 2020, 17:00
2660
Бөлісу:
80 жастағы қария әлі күнге дейін аңға шығып тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау ауданына қарасты Жарма елді-мекенінде сексеннің сеңгіріне келген ақсақал тұрады.

Ширақ қимылдап, аңшылықты кәсіп еткен Аллаберді Ақшабаев әлі күнге дейін аң аулап, қақпан салады екен. Ол жастайынан аңшылықпен айналысқан әкесінің жанынан бір елі қалмай, көкжал алу әдісін меңгерген.

Ол кезде ауыл тұрғындарының азықтары - даланың аңы. «Мергеннен-сыралғы, батырдан-сауға» демекші, кезінде аңшы алған аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп жеген. Әкемнің жанында жүріп үйренген мен бүгінде елді мекеннің тау-тасы, құмына басылған ізді танимын. Алғаш рет аңға 20 жасымда шықтым, - деді Аллаберді Ақшабаев.

80 жастағы қария әлі күнге дейін аңға шығып тұрады

Маңғыстау немесе өзге өңір болсын, малға қасқыр шапса, Аллаберді ақсақалды іздеп келеді. Қолында 20-дан астам қақпаны бар Аллаберді ақсақалдың қақпан құруға келгенде қолы епті әрі шымыр. Қажарлы қария аңға шықсам, тұла бойым кеңіп сала береді. Қақпан құрмасам да кең даланы бір шарлап келсем болғаны дейді.


Өзгелердің жаңалығы