8 жасар оқушыны итеріп жіберген дене шынықтыру мұғалімі сөгіс алды

31 Қаңтар 2023, 16:58
1416
Бөлісу:
8 жасар оқушыны итеріп жіберген дене шынықтыру мұғалімі сөгіс алды

8 жасар оқушыны итеріп жіберген дене шынықтыру мұғалімі сөгіс алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде осыдан бірнеше күн бұрын дене шынықтыру мұғалімінің 8 жасар оқушыны итеріп жіберген видеосы тараған болатын. Осыған қатысты Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме берді.

Бұл жағдай бізге белгілі. Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желілерде, жалпы қоғамның көтеріп отырған мәселелері бойынша ашық форматта жұмыс істеуді жалғастырады. Бұл факті жайында білеміз. Бұл жағдайға қатысты Астана қаласы Білім басқарамасы тиісті шараларды қабылдады. Әрине мұғалімнің мәртебесін, құқығын заң аясында қорғау мәселелері баса назарымызда. Сонымен бірге балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін сақтау - өзекті мәселелердің бірі, - деп айтты вице-министр.

Каринованың сөзінше, білім басқармасы осы жайтқа қатысты тиісті шешім қабылдады.

Білім басқарамасының бізге берген мәліметінше, мұғалімге тиісті сөгіс жарияланды. Енді осындай жағдайларды алдағы уақытта болдырмау үшін Білім басқармасы қажетті жұмыстарды жүргізді, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі өкілі.

Өзгелердің жаңалығы