Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 8 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген 16-дағы жасөспірім бес жылға сотталып кетті.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Шымкентте апеляциялық соты сегіз жасар қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған жасөспірімге қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл іс өзгелерден ерекше, өйткені айыпты тараппен қоса зардап шеккен тарап бозбаланы босатуды сұрап отыр.
Сот жабық режимде өтті. Бір сағатқа жалғасқан пікірталастан кейін сот залынан жанары жасқа толған сотталған жігіттің анасы шықты. Ол бұл үкіммен мүлдем келіспейді. Себебі баласының мұндай сұмдық әрекетке бармағанына сенімдімін деп отыр.
Тіпті аппеляциялық сот та бозбаланы ақтап алмады.
Ал жәбірленушінің шешесі қызының психикалық ауытқуы барын жасырмайды.