8 қалада ауа сапасы нашарлайды

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
444

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 наурызда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы