73 қылмыстық іс айыптау актілерімен бірге прокурорларға жолданды- Әділов

16 Ақпан 2022, 21:32
1226
Бөлісу:
73 қылмыстық іс айыптау актілерімен бірге прокурорларға жолданды- Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда 101 күдіктіге қатысты 73 қылмыстық іс айыптау актілерімен бірге прокурорларға жолданды (ұрлық бойынша 55 іс, қаруды заңсыз сақтау туралы – 9, қаруды ұрлау – 5, тонау – 2, айдап кету - 1), - деді ол. 

Әділов айтқандай, қабылданған шешімдердің заңдылығын тексерудің нәтижелері бойынша прокурорлар 50 іс бойынша 73 айыпталушыны сотқа берді.

Өз кезегінде соттар 51 адамға қатысты 34 істі сапалы және жедел қарады. 42 адамның бостандығын шектеуге, 9 адамды бас бостандығынан айыруға айыптау үкімдері шығарылды, 2 адамға қатысты (Замашов пен Чихуанов – ұрлық бойынша) іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, - деді Әділов. 

 

Өзгелердің жаңалығы