71 жастағы ақтаулықтан вирус анықталды

26 Сәуір 2020, 10:51
1100
Бөлісу:
71 жастағы ақтаулықтан вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Вирусты жұқтырған адам 71 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
   
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.  

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

26.04.2020 ж. сағат 10:45-тегі жағдай бойынша өңірде 27 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.  


Өзгелердің жаңалығы