"7 бала қайтыс болды": Зәкиева отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы айтты

5 Ақпан 2024, 16:03
501
Бөлісу:
"7 бала қайтыс болды": Зәкиева отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы айтты
Фото: instagram.com/zakiyevadinara

Мәжілісте Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қанша бала отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында 99 мың өтініш келді. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел және 7 бала қайтыс болды, - деді Зәкиева.

Уәкіл атағандай, тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері Мемлекет басшысының үнемі назарында.

Осы салада соңғы жылдары жүйелі іс-шаралар қабылданды. Заңға өзгерістер енгізілді. Мысалы, арызсыз істің қозғалуы, сенім телефоны құрылды, балаларға қарсы жасалған қылмыстарға жазаны қатаңдату бойынша бірқатар норма көзделген, - деді Динара Зәкиева Мәжілісте сөйлеген сөзінде.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларының таныстырылымы өтіп жатыр.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қанша әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтқан еді.  

Сондай-ақ өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов заңдарға қандай нормалар енгізілгелі отырғанын атап берді. 

Өзгелердің жаңалығы