7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

7 Қараша 2019, 08:12
1813
Бөлісу:
7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердң болжамы бойынша, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Алматы облысының кей жерінде көктайғақ көктайғақ күтіледі. 




Өзгелердің жаңалығы