«7-20-25» бағдарламасы аясында 65 554 қарыз берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 873,6 млрд теңгеге 65 554 қарыз берілді.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.