«7-20-25» бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

30 Қаңтар 2021, 08:51
1326
Бөлісу:
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 50 753 өтінім қабылданды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.   

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша несие алуға 598,4 млрд теңгеге 50 753 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 348,7 млрд теңгеге 29 435 өтінім мақұлданды, – делінген хабарламада. 
Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна – 20%-дан бастап. Несие мерзімі – 25 жыл.


Өзгелердің жаңалығы