642 млн теңге берешек: Еңбек инспекциясы жұмысшылардың құқығын қалай қорғайды?

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Бүгiн 2026, 09:51
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 09:51
Бүгiн 2026, 09:51
129
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады.

Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді.

Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 110 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 136,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 7 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 463,3 млн теңге төленді, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр.

2026 жылғы 1 сәуірдегі деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 723 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 065 құқықбұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 1 735, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 305, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 25. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар банктерге 25 трлн теңге қарыз екені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматылық сот орындаушы жалған құжатпен бюджеттен 4,2 млн теңге алған

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі?

Көкшетауда кафеде бейресми жұмыс істеген жігіт сот арқылы жалақысын өндіріп алды

Наверх