61 мың теңге: Үйді жалдау ақысын субсидиялау ұсынылды

23 Ақпан 2021, 09:55
2333
Бөлісу:
61 мың теңге: Үйді жалдау ақысын субсидиялау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді.

Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін «Отбасы» банк өкілеттіктерін күшейту ұсынылады. Бұл механизмде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарттар жасасатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады, - дейді министр.

Атамқұлов жеке тұрғын үй қорын жалдау ақысының 21 АЕК (61 257 теңге) мөлшерінде жалға алу ақысын субсидиялау ұсынылатынын жеткізді.

Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар саны жыл сайын 50 мыңға дейін өсіп жатыр. Бүгінгі күні 548 мың адамды құрайды. Кезектегі көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары, табысы отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі бір күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылады, - деді ол отырыста.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, толық емес отбасылар және басқа да кезекте тұрған азаматтардың табыс көлемі ең төменгі бір көнкөріс деңгейінен жоғары азаматтардың бұл санаты жаңа тұрғын үйге жеңілдетілген қарыз алу арқылы тұрғын үй сатып алатын болады.

Өзгелердің жаңалығы