60-ты алқымдаған ер адам отбасылық жанжалдан кейін суицид жасаған

12 Қыркүйек 2023, 21:09
1439
Бөлісу:
60-ты алқымдаған ер адам отбасылық жанжалдан кейін суицид жасаған
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 қыркүйек күні сағат 07:00 шамасында 102 арнасына 49 жастағы қала тұрғыны отбасындағы жанжал бойынша хабарлама берген. ​

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйінің ауласын тексеру барысында сарай ішінде жіпке асылып, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген 57 жастағы тұрғынды дереу құтқарып, алғашқы көмек көрсетті. ​ Тәртіп сақшылары Бақытбек Рүстембекұлы мен Қазбек Дамир оқиға болған тұста азаматтық танытты. ​Қазіргі таңда тұрғын ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы