60 млн теңге пара алған Антикордың «алаяқ» қызметкері ұсталды

2 Сәуір 2021, 16:42
1615
Бөлісу:
60 млн теңге пара алған Антикордың «алаяқ» қызметкері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров өзін Антикордың қызметкерімен деп пара алумен айналысқан алаяққа қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяққа қатысты тергеуді аяқтады. Антикордың мәліметінше, ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстыру арқылы түрлі мәселелерді шешкені үшін 15-тен 30 мың АҚШ долларына дейін және 30-дан 60 млн теңгеге дейін ақша қаражатын алған.

Тергеушінің сөзінше, іс бойынша қылмыс жасаудың 6 эпизоды бар.

Мысалы Білім министрлігінің комиссиясымен мәселені шешу сылтауымен, университеттің білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айырылмау үшін соңғысы 30 мың АҚШ доллары және 60 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды, - деді Бекайдаров брифингте.

Сондай-ақ ол мәселені оң шешкені үшін жеке компанияның пайдасына 15 мың АҚШ долларын, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жұмысқа орналастырғаны үшін 25 мың АҚШ долларын алған.

Соңғы іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған тергеу сотына берілді.

Өзгелердің жаңалығы