Елорда әкімі 6 баласымен контейнерде өмір сүретін анаға баспана кезегіне тұруға көмектеспек

8 Тамыз 2019, 11:16
1807
Бөлісу:
Елорда әкімі 6 баласымен контейнерде өмір сүретін анаға баспана кезегіне тұруға көмектеспек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары баспана алу, несие бойынша пайыздарды есептен шығару, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, қосымша білім алу мәселелерімен жүгінді. 

Қала тұрғыны Қарлығаш 6 баласымен контейнерде тұруға мәжбүр болғанын хабарлады. Қалада тіркелмегендіктен тұрғын үй кезегіне тұра алмайды. 

«Менің 6 балам бар. Негізгі жұмыстан басқа, мүмкіндігімше жартылай жұмыс істеймін. Бір жерде еден жусам, екінші жерде пәтер тазалаймын. Балаларым жиі ауырады. Контейнерде ешқандай жағдай жоқ. Менің балам пневмониямен ауырып қалды, орта қызымның денесінде бөртпе пайда болды», - деді көпбалалы ана

bde460a5841f2903bd06c9ab5f5fa39c.jpeg

Тағы бір қала тұрғыны, 7 баланың анасы – Жайнагүл жұмысында қиындықтарға тап болғанын айтты. Қазір әйел бала күтімі бойынша демалыста. 

Ал Гүлжан есімді әйелдің баласы эпилепсиямен ауырады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы керек. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне жүгінген аналардың көкейкесті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қосымша мамандық алуға, балабақшаға жолдама алуға, дәрі-дәрмек алуға және баспанаға кезекке тұруға көмектесуге тапсырма берді. 

Айта кетейік, елорда әкімі ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, көпбалалы отбасылармен, тұрмысы төмен адамдармен жүйелі түрде кездесіп тұрады. Азаматтарды қабылдау басталғалы бері әкім 200-ден астам адамның мұң-мұқтажын тыңдады. Әкімдікке келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы