52 млн теңге айыппұлы бар павлодарлықтың көлігі айып тұрағына қойылды

25 Маусым 2024, 00:16
523
Бөлісу:
52 млн теңге айыппұлы бар павлодарлықтың көлігі айып тұрағына қойылды
Фото: архив

Павлодарда айыппұл бойынша 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында "Кибершериф" мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұлдар толық төленгенше сол жерде тұратын болады, - деді Айдар Сламбеков.

Өзгелердің жаңалығы