500 спортшы жиналды: Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

9 Желтоқсан 2024, 18:31
440
Бөлісу:
500 спортшы жиналды: Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанадағы "Аспан" спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шинкиокушинкай каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық бәсекенің ашылу салтанатына федерация президенті Санжар Жаркешов пен федерацияның вице-президенті Қайыртай Қалижанұлы қатысты.

500 спортшы жиналды: Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

Жарысымыздың кешегі күнінде 150-дей қатысушы "ката" бағдарламасында шеберліктерін көрсетсе, бүгін «кумитэ» бағдарламасы бойынша жекпе-жек сайысында 500-дей спортшы жүлдеге таласып жатыр. Додамызға Қазақстанның бірнеше өңірінен бөлек, көрші Қырғызстаннан да қатысушылар келді. Турнирімізге атсалысқан спортшыларға, ата-аналарға, демеушілерге алғысым шексіз, - деп Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті Санжар Жаркешов өз ризашылығын білдірді.

500 спортшы жиналды: Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

Ұйымдастырушылар 2025 жылы Астана кубогының 25 жылдығына орай 25 мемлекеттің қатысуымен ауқымды халықаралық бәсекені өткізуді жоспарлап отыр.

500 спортшы жиналды: Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтті

Айта кетейік, 26-республикалық турнирдің жеңімпаздары арнайы медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы