Биыл ақтөбелік 500-ден астам жас түлек "Алтын белгі" иегері атанды

16 Маусым 2019, 12:31
2945
Бөлісу:
Биыл ақтөбелік 500-ден астам жас түлек "Алтын белгі" иегері атанды

Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ алаңында "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау салатанаты өтті.

"Жас түлектерді облыс әкімі құттықтап, "Жас түлек" фестивалінің бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жеңімпаз атанған үздік 16 түлекті марапаттады" - делінген Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі таратхан ақпаратта.

Олардың ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі алтын белгі  иегеріне 500 мың теңгеден, сондай-ақ, үш "Үздік аттестат" иегеріне 300 мың теңгенің сертификатын табыстады.

"Халқымызда мектеп-кеме, білім теңіз деген жақсы сөз бар. Білім айдынында ескегі мықты жан ғана өз дегеніне жетпек. Болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін" - деді аймақ басшысы.

Биылғы жылы әрбір "Алтын белгі" иегеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат  пен арнайы сыйлық - қолсағат табысталды. Ақтөбе облысының "100 жаңа есім" жобасына енген ардагерлер, танымал тұлғалар қалған "Алтын белгі" иегерлерін марапаттау рәсімін жалғастырды.

Өзгелердің жаңалығы