50 тонна ет, 60 тонна картоп. Астанада Қостанай облысының жәрмеңкесі өтеді

13 Қазан 2021, 23:05
2077
Бөлісу:
50 тонна ет, 60 тонна картоп. Астанада Қостанай облысының жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Қостанай облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Екі күн ішінде елордада облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін сатады. Оның ішінде: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары.

Облыс кәсіпорындары 270 тонна көлемінде 100 – ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін сатылымға шығарады. 

Сондай-ақ, сатылатын өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқалар кіреді.

Жәрмеңкеде "Милх" ЖШС, "ДЕП" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, "Баян Сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ, "Промбаза 7" ЖШС, "Торғай Ет" ЖШС және т.б. брендтері республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал сүт және ет кәсіпорындары ұсынылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен болады. Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілетін болады.

Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы