50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

3 Шілде 2022, 10:35
1440
Бөлісу:
50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналисті ұстағанын мәлімдеді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы