5 жыл бойы қашып жүрген қазақстандық әйел Түркияда ұсталды

Түркияда алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандық әйел ұсталды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 14:40
Бүгiн 2026, 14:40
218
Фото: видеодан скриншот

Түркияның Анталья қаласында 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл операцияны Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді.

ІІМ мәліметінше, күдікті әйел 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1300-ден астам азаматтың ақшалай қаражатын иемденген деп айыпталуда. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден асады.

26 маусымда күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтаруға Қазақстан ІІМ-нің Түрік Республикасындағы өкілі мен ҚР Бас консулдығы қолғабыс көрсетті.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 117 адамды ұстаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың қылмыстық әрекеттерінен келген жалпы шығын 17 миллиард теңгеден асады.

Наверх