5 сәуірде республикалық жаттығу өтеді

4 Сәуір 2019, 19:07
2474
Бөлісу:
5 сәуірде республикалық жаттығу өтеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз денсаулығымыздың қадірін түсінген уақытта ғана салауатты өмір салтын ұстануға тырысамыз. Дұрысы – денсаулық сыр бермей тұрған кезден бастап салауатты өмір салтын ұстану. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Зарина Керуенова көптеген адам денсаулығына салғырт қарап, соның салдарынан әртүрлі дертке шалдығатынын айтты.

«Қазіргі таңда біріміз аз қимылдау салдарынан ерте қартайсақ, енді біріміз дұрыс тамақтанбау салдарынан ішек ауруларына ұшырап жатамыз. Осындай қауіп-қатер факторларының алдын алу мақсатында біз бұл үрдісті өзгертуіміз керек. Әр адам бірінші кезекше өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарау керек», - дейді Зарина Керуенова.

Осы мақсатта «Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еліміздің барлық өңірінде денсаулық сақтауды ақпараттандыру жұмыстары көптеп жүргізілуде.

«Сонымен қатар, біздің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен 2018 жылы қауіп-қатер факторларының адам ағзасына әсерінің алдын алуға бағытталған 29 ұлттық бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарлама шеңберінде емханаларда көптеген акциялар, ашық есік күндері өткізілуде. Соның ішінде «Салауатты өңірлер», «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер», «Салауатты университеттер» және «салауатты жұмыс орындары» жобаларын атап өтуге болады», - дейді ол.

Зарина Керуенова ертең, яғни 5 сәуірде сағат 09:00-де Нұр-Сұлтан қаласының екі мектебінде (№10 және №83 республикалық жаттығу өтетінін айтты.

«Бұл жаттығуға өңірлердегі мектептер де қатысады. Шараға оқушылар, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов, Қазақстан Республикасының алғашқы Денсаулық елшісі Марат Жыланбаев қатысады», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы