5 өңірден басқасында республикалық референдумда дауыс беру аяқталды

5 Маусым 2022, 20:13
1947
Бөлісу:
5 өңірден басқасында республикалық референдумда дауыс беру аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалпыхалықтық республикалық референдумда дауыс беру өз мәресіне жетті. Қазақстанда 8 мың референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Бүгін республика бойынша азаматтар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді. 

Елдің 5 өңіріндегі уақыт айырмашылығына қатысты, атап өтетін болсақ, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және БҚО-дағы  1858 учаскеде дауыс беру елорда уақытымен  21:00-де аяқталады. Шетелде 48 учаскеде дауыс беру жалғасып жатыр, - деп хабарлады ОРК. 

Енді нәтижені есептеу жүзеге асырылады. 

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша дауыс бергендер саны  65,04% құрады.

Өзгелердің жаңалығы