5 көлікті соққан Lexus 570: Зардап шеккен әйел көз жұмды

6 Қараша 2019, 11:36
11140
Бөлісу:
5 көлікті соққан Lexus 570: Зардап шеккен әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы сағат 4 шамасында жол апатынан зардап шеккен 29 жастағы әйел көз жұмды.

Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, әйелдің кеуде омыртқасы зақымданған болатын.

Қажетті ем-дом шаралары жүргізілді. Бірақ жарақаты өте ауыр болды. Бүгін таңғы сағат 4-те ол қайтыс болды, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жүргізуші 5 көлікті соғып, оқиға орнында ұйықтап қалғанын жазған едік. Салдарынан жарақат алған әйел комаға түскен еді. Ал Lexus 570 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. 



Өзгелердің жаңалығы