5 адамды атып өлтірген Дужнов жазасын қайда өтейтіні айтылды

23 Мамыр 2022, 17:02
1059
Бөлісу:
5 адамды атып өлтірген Дужнов жазасын қайда өтейтіні айтылды

Алматы, BAQ.KZ. Бес адамды атып өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Игорь Дужнов жазасын Қостанай облысында өтейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

ҚАЖК-ның мәліметінше, сотталушы қазір Алматыдағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Аралас күзет мекемесіне ол өткен жылдың қазан айында жеткізілген.

Республика аумағында барлығы 80 түзеу мекемесі жұмыс істейді, соның бірі «Қара бүркіт» аталып кеткен Қостанай облысындағы УК-161/3 ҚАЖК. Бұл мекеме өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарды ұстауға бағытталған. Төтенше жағдайдағы күзет мекемесі Қостанай облысында, Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, сәуірдің 26-сы күні Алматыда «Ақбұлақ» шағын ауданында бес адамның өліміне қатысты сот аяқталған еді. Игорь Дужнов кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы