Канар аралдарына жете алмай 48 мигрант ажал құшты. Бұған дейін Испанияның Теңіздегі құтқару қызметі 1500-ден астам босқынды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Келімсектердің көбі Батыс Африка елдерінің азаматтары. Олар туған жеріндегі кедейлік пен тұрақсыздыққа төзе алмай, Еуропадан жақсы өмір іздеп қайықтармен теңізге шыққан.
Жалпы жыл басынан бері Кәрі құрлыққа бет түзеген босқындар саны 33 мыңға жуықтады. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 40%-ке жоғары.