4,6 млн теңгелік жеке мүлікті ұрлағандар құрықталды

28 Шілде 2023, 20:52
808
Бөлісу:
4,6 млн теңгелік жеке мүлікті ұрлағандар құрықталды
Фото: Polisia.kz

Ақмолалық тұрғынның 4,6 млн теңгеден астам сомаға жеке мүлкін қолды еткендер құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

16 маусым күні Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан ұрлық дерегі туралы арызы келіп түсті. Ер адам Қоянды кентінде салынып жатқан тұрғын емес үйдің аумағынан 10-15 маусым аралығында беймәлім адамдар жалпы сомасы 4 млн 627 мың теңгеге металл қалыптар мен тіректерді ұрлап кеткенін хабарлады. 

Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтады, - делінген ақпаратта.

Жедел уәкілдер бұрын жер учаскесінің аумағына ГАЗель маркалы автокөлік бірнеше рет келгенін және жәбірленушінің мүлкі ұрланғанын анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы