45 мыңнан астам қазақстандық елден кетті

11 Ақпан 2020, 15:00
1327
Бөлісу:
45 мыңнан астам қазақстандық елден кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Қазақстаннан 45,2 мың адам кетті, ал елге тұрақты тұруға барлығы 12,2 мың адам келді, деп жазады 7kun.kz.

Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы елден 41,9 мың адам кетіп, 12,8 мың адам келген болатын.

Осылайша, көші-қон сальдосы тағы теріс мәнде қалыптасты және 32,9 мың адамға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 29,1 мың адамға тең болды.

Бұл ретте көшіп кеткендердің ішінде 40,9 мың адам — ТМД елдеріне, ал 4,3 мың адам басқа елдерге кетті. Қазақстанға ТМД елдерінен 9,4 мың адам, ал басқа елдерден 2,8 мың адам келді.

Ең белсенді түрде орыстар (32,8 мың адам), немістер (3,1 мың адам), украиндар (3 мың адам), қазақтар (2,2 мың адам) және татарлар (1 мың адам) елден кетті.

Осы кезеңде ҚР-на 7 мың қазақ, 2,6 мың орыс, 301 қарақалпақ және т.б көшті.

Айта кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша халықтың шетелге көшуі 7,8%-ға өсті, ал елге қарай ағыны 4,7%-ға төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы