44 жастағы жамбылдық тұрғынның көлігінен гашиш анықталды

44 жастағы жамбылдық тұрғынның көлігінен гашиш анықталды
1198

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Mercedes Benz" маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында одан "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың жұмыс орны бойынша тінту жүргізу кезінде де есірткі тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған гашиш есірткі затының жалпы салмағы 856 грамнан асады. 

Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау). Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді облыстың ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы