$44 млрд. Илон Маск Twitter-ді сатып алды

26 Сәуір 2022, 10:15
1562
Бөлісу:
$44 млрд. Илон Маск Twitter-ді сатып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter компаниясын   44 млрд долларға сатып алды. Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Илон Маск он шақты күн бұрын компанияның иелеріне оған Twitter-ді сату туралы ұсыныс білдірген. Себебі аталған әлеуметтік желінің іске асырылмаған ауқымды әлеуетін өзі жүзеге асыра алатынына сенімді болып отыр.  

Ол тіпті, жарияланған контенттің шектелуін жұмсартудан бастап фейк аккаунттарды жою сынды өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартқан.  

Компания басшылары бастапқыда Масктің ұсынысын қабылдаудан бас тартқанымен, қазір акционерлерден мәмілені мақұлдауға дауыс беруді сұрап отыр.  

Илон Маск – әлемдегі ең бай адам. Forbes журналы оның дәулетін 273,6 млрд долларға бағалады. Қаражат негізінен өзі басқаратын  Tesla компаниясының акцияларынан түседі. Сонымен қатар оның есімімен байланысты  SpaceX атты аэроғарыш компаниясы да дүние жүзіне танымал. 

Илон Маск - Твиттер желісінің тұрақты қолданушысы. Әлеуметтік желіде 80 млн оқырманы бар кәсіпкер қандай мәлімдеме жасаса да, ғаламторға бірден таралып кетеді.  

Өзгелердің жаңалығы