42500 теңге алғаны үшін соттайды дегенге министр ресми түрде жауап берді

16 Сәуір 2020, 20:32
38655
Бөлісу:
42500 теңге алғаны үшін соттайды дегенге министр ресми түрде жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі күні қызу талқыға түскен 42500 мың теңгені заңсыз алғандар сотталады дегендерге жауап берді.

Біраз заңгерлер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не посттар жазуда. Оны 42500 теңгеге қатыстырып келтіруде.
Заңгерлер болған соң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты.  Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз. Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба? Ондай болса - Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. 
Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, дәл мен айтқандай жасаған болсаңыздар, біздің тарапымыздан үйді аралап ешкім тексермейді. 
Бұл қайдан шыққан әңгіме дейсіздер ғой. Соңғы брифингте, бір жүрналист маған - мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады. Мен оған, біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмыс беруші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым. Брифингті көргендер растайтын шығар, - дейді министр.
Осы жағдайда, өзіңіз үшін тағы да шешіп алыңыз деп отыр.
Мен 42500 теңгені алдап алдым ба, жоқ па деп. Әрине, жоқ. Олай болса Сіз ешқандай жауапкершілікке ешқашан тартылмайсыз. Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмаса да басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз. Аман болыңыздар, өзіңізді, жақындарыңызды мына індеттен сақтаңыздар, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы