42500-ге қатысты пайда болған жаңа telegram бот жалған болып шықты

22 Қараша 2020, 10:28
1703
Бөлісу:
42500-ге қатысты пайда болған жаңа telegram бот жалған болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram-ботты іске қоспады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк болып табылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды, - делінген хабарламада.

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.

Өзгелердің жаңалығы