42 500. Төлемді заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылады?

16 Шілде 2020, 15:26
1341
Бөлісу:
42 500. Төлемді заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында 42 500 теңгені заңсыз алғандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Жеке тұлға не кәсіпкер төлем алу шартына сай болса ғана өтініш беруі керек. Егер төлемді заңсыз алатындар анықталса, 42 500 теңгені төлеген сақтандыру қоры тарапынан төлемді қайтарып беру бойынша талап қоюы мүмкін. Жауапкершілік деген сол. Жұмыс беруші тарапынан ақысыз демалысқа кеткен, табысы шектелген азаматтарға өтініш беруі керек. Егер жұмыс беруші тұрақты жұмыс істеп жүрген азаматтары үшін өтініш берсе, бұл – заңбұзушылық, - деді ол. 

Нұрымбетов ондай жағдай анықталса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін. 

Мемлекеттік сақтандыру қоры өзінің талабын қойып, қаржыны қайта өндіруді талап етеді. Егер оны орындамаса, ол сотқа жүгіне алады. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты болады. Сондықтан ертең қосымша сұрақ туындамас үшін табысынан айырылғандарға ғана өтініш беруі керек, - деді ол.

Айта кетейік, еңбек министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі төлемді алудың тәртібін түсіндіріп, төлем алуға өтініштер қай уақытқа дейін қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, студенттердің төлем алуына қатысты ақпарат берілді.
Өзгелердің жаңалығы